✅«Ауыл квотасы» - ауылдық жерлерде тұратын немесе жұмыс істейтін тұрғындарға арналған арнайы орындар немесе мүмкіндіктер. Бұл квоталар ауылдан шыққан талапкерлерге жоғары білім алуға немесе басқа да маңызды мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында енгізілген. Квота ауыл тұрғындарының білім алу,жұмысқа орналасу және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған.
«Ауыл квотасы»🔰
1️⃣Жоғары оқу орындарына түсу: университеттер мен колледждер ауыл жастарына арналған арнайы квоталар бөлуі мүмкін, бұл олардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2️⃣Жұмысқа орналастыру: мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар ауыл тұрғындарына арналған арнайы жұмыс орындарын бөлуі мүмкін.
3️⃣ Әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар: ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен гранттар.
❓Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар дайындау керек?
Өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша «Мансаптық орталығы» арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.
❗Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты,
❗Азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі,
❗Қандастар үшін – оралман куәлігі ғана болса жеткілікті.