«Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылына қарасты Паршина көшесінің атауын Достық көшесі деп қайта атау беру туралы»

«Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылына қарасты Паршина көшесінің атауын Достық көшесі деп қайта атау беру туралы»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы маусым айының 08-і күні сағат 15:00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылында орналасқан «Үшжарма негізгі орта мектеп жанындағы интернат» залында «Бақанас ауылдық округі, Үшжарма ауылына қарасты Паршина көшесінің атауын Достық көшесі деп қайта атау беру туралы» мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

       Байланыс телефондары:8(72773)91-6-45, 91-7-42

                                                         Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.  

 

Қосымша мәлімет

 

Достық – адамдар арасындағы өзара сыйластыққа, сенімге және адалдыққа негізделген қарым-қатынас. Ол қоғамда бірлікті, түсіністікті және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Нағыз достық адамдарды өзара қолдауға, жауапкершілікке және адамгершілік қағидаларын сақтауға тәрбиелейді. Достық ұғымы қазақ халқы үшін қасиетті ұғым.