Бақанас ауылы аудандық мәдениет үйінің алаңында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Бақанас ауылы аудандық мәдениет үйінің алаңында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Бақанас ауылы аудандық мәдениет үйінің алаңында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеген мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде Наурыздың береке мен бірліктің, жаңару мен жаңғырудың символы екенін атап өтіп, аудан халқына амандық, молшылық және табыс тіледі.

Концерттік бағдарлама аясында «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық өнердің көркем үлгісін паш етті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртістер Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер өз өнерлерін ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мереке барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Бұл шаралар халықтың салт-дәстүрін жаңғыртып, ұлттық рухты көтеруге зор ықпал етті.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аудан тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.