
Жиынға –ақсақалдар төрағасы, аудандық бөлім, мекеме басшылары және мамандар қатысты.
Кездесудің мақсаты – Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы саясат бағыты бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал азамат және парасатты мемлекеттік қызметкер тұлғасын қалыптастыру, ұстану. Бұл – қоғам дамуының, мемлекет тұрақтылығының және ұлт болашағының маңызды негізі.
Сонымен қатар Азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық, бейтараптық, ашықтық және әділдік қағидаларын сақтау жолдарын қарастыру!
Жиынға арнайы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы - Нурғалиева Айдана Ержанқызы және «Жетісу жастары ұйымының конгресі жастар қоғамдық бірлестігінің» төрағасы - Ауданбаев Дәулет мырза келіп, тақырыптық ақпарат берді.
Нурғалиева Айдана Ержанқызы
Бүгінгі басқосудағы басты мақсатымыз – аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және нөлдік төзімділік қағидатын орнықтыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, мемлекеттік басқару жүйесіне, экономика мен әлеуметтік тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік құбылыс. Ол ең алдымен азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретіп, әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарына нұқсан келтіреді. Сондықтан да бұл мәселеге әрқайсымыз немқұрайлы қарамауымыз қажет.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресті ұлттық маңызы бар басым бағыттардың бірі ретінде айқындап, бұл бағытта нақты тапсырмалар беріп отыр. Мемлекеттік органдар қызметінде ашықтықты арттыру, халықпен кері байланыс орнату, электронды үкімет жүйесін дамыту – осының барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған тиімді шаралар болып табылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы тек заңмен шектелмеуі керек. Бұл ең алдымен адам санасындағы, өмірлік ұстанымындағы өзгеріспен тығыз байланысты.
Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінде адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл қоғамда адал еңбек пен заңға бағынушылықты, әділдік пен жауапкершілікті дәріптеу. Мұндай мәдениетті қалыптастырудың негізгі тетіктері мыналар:
Нөлдік төзімділік қағидаты – кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем жол бермеу дегенді білдіреді. Ұсақ құқық бұзушылықтың өзі үлкен қылмысқа бастайтынын ұмытпаған жөн. Сондықтан әр азамат өз ісіне, өз қызметіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын мүлтіксіз орындауы қажет.
Құрметті қатысушылар!
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек уәкілетті органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті.
Біз жемқорлықты жазалау арқылы емес, оның алдын алу, оған жол бермеу арқылы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бұл үшін қоғамда ашықтық, әділдік және сенім қағидаттарын қалыптастыруымыз қажет.
Қорытындылай келе,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының кепілі.
Әрқайсымыз өз орнымызда адал еңбек етіп, заңды құрметтесек, сыбайлас жемқорлықсыз, әділетті қоғам құруға өз үлесімізді қосамыз.
Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы
Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты – қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеп, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Өйткені адал болу – әркімнің азаматтық таңдауы, ал парасатты қоғам мен парасатты азамат – болашақтың басты кепілі.
Парасатты азамат — өз ісіне жауапты, әділдікті ту еткен, елі мен жерінің амандығы үшін аянбай қызмет ететін тұлға. Осындай азаматтар көбейген сайын еліміздің болашағы да жарқын болмақ.
Біз бәріміз бірге Жемқорлықсыз, әділетті Қазақстанды құруға үлес қоса аламыз. Ол үшін әрқайсымыз өз орнымызда адал еңбек етіп, әділ шешім қабылдап, ел мүддесін бәрінен жоғары қоюымыз қажет.
Парасатты азамат – парасатты қоғамның айнасы. Сондықтан бәріміз бірігіп, адалдық пен әділеттілікті өмір салтымызға айналдырайық!
Жиналыста екінші мәселесі бойынша
Азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық, бейтараптық, ашықтық және әділдік қағидаларын сақтау жолдарын қарастыру;
Жиналыста Әдеп жөніндегі уәкіл Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен қарым-қатынасындағы мінез-құлық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызмет беделін сақтау және әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, уәкіл ұжым ішінде жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, қызметкерлердің өзара сыйластығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша ұсыныстар енгізді.
Жиналыс қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер:
Қорытынды;
Жиналыс соңында қатысушылар мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – қоғам мүддесіне адал қызмет ету, халық сенімін ақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру екенін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырумен қатар, олардың әдептілік пен парасаттылық қағидаттарын күнделікті жұмысында ұстануына жол ашады.