Жарысқа облыстың әр қаласы мен ауданынан командалар қатысуда. Турнир адал бәсеке мен спорттық рухта өтіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетуде. Чемпионат ертең, 16 тамызда, финалдық ойындармен аяқталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталады.