Балқаш ауданында қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Құқық пен тәртіп – қоғам тірегі» - атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру болды. Дөңгелек үстел барысында спикерлер өз сөздерінде құқықтық мемлекет құрудағы қоғам мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде маңызды ақпараттар ұсынылды. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай кездесулер қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.