Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31713 болып тіркелген),сондай-ақ Алатау қаласы әкімінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №3-ө нқ өкімін орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- «Алатау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын қызмет кезеңі 2025 жыл белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін.
- Жұмыс тобы үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 13 наурыздан 08 сәуірге дейінгі аралық болып белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:
- қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.
8 (701) 907 90 78 нөмерге хабарласуыңызды сұраймын