ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алатау қаласының әкімдігі "Алатау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Алатау қаласының аумағында орналасқан егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (бұдан әрі-ЕТЖЖ) бойынша алдағы уақытта қоғамдық талқылаулар өткізу туралы жалпы ақпаратты, соның ішінде мүдделі жұртшылықты қоса алғанда хабардар етеді:

         "Алатау қаласының Growing District ауданында қызмет көрсету объектілері бар саябақ аймағының ЕТЖЖ. Жетіген шағынауданының оңтүстігінде, Алматы-Жетіген КВ-15 автожолы мен Қарасу-Байсерке өзенінің арасында орналасқан (110,0 га)";

"Алматы облысы Алатау қаласының Green District ауданында орналасқан ауданы 56 га аумақтың ЕТЖЖ әзірлеу";

"Алатау қаласының Growing District аумағының ЕТЖЖ. "Геолог" саяжай алабының оңтүстік-шығысындағы, Қаскелең өзені мен Алматы-Қонаев А-3 көлік жолының арасындағы индустриялық-өнеркәсіптік парк (660,0 га);

"Алатау қаласының Golden District аумағының ЕТЖЖ. Қосөзен тұрғын алабының солтүстік-батысында, Қаскелең өзенінің батысындағы индустриялық-логистикалық кешен (1290,0 га).

          Алатау қаласының әсер етуі мүмкін елді мекендері мен шағын аудандары: Қосөзен ауылы (Іле ауданы), Жетіген және Арна шағын аудандары.

          Тыңдау 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 15:00-де мына мекен-жайы бойынша өтеді: Алатау қаласы, Ынтымақ ш/а, Әл-Фараби көшесі, 2а/1 үй, Әл-Фараби атындағы №15 Мектеп ғимаратында.

          Жоба әзірлеуші - «Almaty region master plan» ЖШС.

          Тел: +7 (707) 324-00-40; е-mail: ast_g4city@mail.ru