Алатау қаласының аумағында халықтың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысуы үшін құқықтық ақпаратқа қолжетімділікпен («Заң» дерекқорына қол жетімді компьютер) жабдықталған «Құқық кабинеті» жұмыс істейді. Аталған кабинетте қала тұрғындары қалалық мәслихаттың, қала әкімінің құқықтық актілермен «Ашық НҚА» порталында орналастырылған құжаттармен танысуға болады. Бұл кабинет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен 2024–2026 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жұмыс істейді.
«Құқық кабинет» Алатау қаласы Қоянқұс шағын ауданы Б. Момышұлы (Абай) көшесі 157/1 мекенжайында орналасқан.