Алатау қаласының әкімдігі «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Алатау қаласының әкімдігі «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды ақпараттандыру мақсатында, кейіннен сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйге қатысты шарттарды Алатау қаласы әкімдігінің ресми сайты мен ресми Instagram парақшасына жариялауыңызды сұраймыз:

Алатау қаласының әкімдігі «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: Алатау қ., Жетіген шағынауданы, Құдайбергенова көшесі 2.

Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 27 қараша күні сағат 09:00-ден 2025 жылғы 28 қараша күні сағат 17:30-ға дейін (қоса алғанда).

МАҢЫЗДЫ! Бағдарламаға тек тұрғын үйге кезекте тұрған Қазақстан Республикасының   азаматтары,   қандастар,   оның   ішінде   Әкімдік қызметшілеріне   және   оның   ведомстволық   бағынысты   ұйымдары   мен мекемелерінің қызметкерлері қатыса алады.

Бағдарлама шарттары:

Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.

Жалға алу мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%.

Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар.

Орналасқан жері: Алатау қ., "Gate City" ТҮК

Сіз отбасыңыздың құрамына қарамастан кез келген түрдегі (1, 2, 3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола аласыз. Алайда таңдаған пәтер түрін алу жөніндегі мақұлдау сіздің төлем қабілетіңізге тікелей байланысты.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үй кезегінде тұру міндетті.

МАҢЫЗДЫ! Егер өтінім беру кезінде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және іріктеу нәтижесінде ол бойынша өте алмасаңыз, басқа түрдегі пәтерді таңдап, өтінімді қайтадан бере алмайсыз.

Тізімді қалыптастыру үшін қажетті ақпарат:

  1. Бағдарламаға қатысуға арналған өтінім, онда мына мәліметтер көрсетілуі тиіс:

Тегі, Аты, Әкесінің аты, Өтініш берушінің ЖСН-і, Туған күні, Кезекке қойылған күні, Ұялы телефон нөмірі, Жеке куәлік деректері (№, берген органы, берілген күні, жарамдылық мерзімі), Электрондық пошта, Бөлмелер саны.

  1. Жұбайының (болған жағдайда) жеке деректерді өңдеуге келісім беру туралы өтініші.

Іріктеу «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ тарапынан кезекке қойылған күніне сәйкес жүргізіледі.

Бағдарлама 3 кезеңде іске асырылады:

  1. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру және кезекке қойылған күніне сәйкес іріктеуден өту;
  2. Кезекке қойылған күні бойынша конкурс нәтижелерінен кейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-да төлем қабілеттілігін растау рәсімдерінен өту (КТК байланыс орталығы: 8 (800) 080-44-48);
  3. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ порталында пәтер таңдау;
  4. Шарттарға қол қою.