Бүгін Алатау қаласының Еңбек ықшам ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қала әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің айшықты белгісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, тұрғындарға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық рухты көтеретін әндер мен қойылымдар ұсынылды.
Іс-шара қала тұрғындары мен жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.