Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
  1. «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2025 жылғы _04 шілде күні сағат 15:00-де, Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 № 202 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

 

  1. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:

№ 1 ЛОТ:

 

№1 Маршрут

  • «Жаңаталап ы/а – Көктерек ауылы»

  • «Көктерек ауылы – Жаңаталап ы/а»

 

№2 Маршрут

  • «Құйған ы/а – Гейт Сити ТҮК»

  • «Гейт Сити ТҮК – Құйған ы/а»

 

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы облысы Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі 157/1 №202 кабинетіне мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы   20 маусым сағат 18:30-ы.

  4. 2025 жылғы 01 шілде конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

  5. Анықтама алу үшiн телефондар: +7776 131 13 11.