КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға арналған конкурсқа өтінім қабылдау басталды

Алатау қаласының әкімдігі бекітілген орындарда Стационарлық емес сауда объектілерін (ларёк, шатыр, арба және т.б.) орналастыруға конкурс жариялайды.

КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету
  • Маусымдық және мобильді сауданы ретке келтіру
  • Санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету

ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ:

  • Жеке кәсіпкерлер
  • Шаруа (фермер) қожалықтары
  • Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш
  • Жеке куәлік / БСН көшірмесі
  • ЖК/ЖШС тіркеу туралы куәлік

ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:

Өтінім қабылдау басталатын күн: 23.05.2025 ж.

Өтініш беру форматы: қағаз түрінде немесе электронды

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады:

«Алатау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Алатау қ., Қоянқұс ш.а., Бауыржан Момышұлы көшесі, 157/1, Тел.: 8 778 969 76 69, электрондық пошта - n.darmenov@almobl.gov.kz

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

  • Сауда орындары тегін беріледі
  • Қатысушылар санитарлық, сәулеттік және өртке қарсы нормаларды сақтау қажет
  • Сауда нысанын өз күшімен орнатып/алып тастау қажет
  • Рұқсат етілмеген тауарларды сатуға тыйым салынады
  • Шарттардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі

 КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:

Жеңімпаздармен бекітілген үлгідегі Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орналастыру туралы келісім-шарт жасалады.

 

Қаламыздағы реттелген сауданың бір бөлігі болыңыз!