Ұлттық спорт түрлерінен ойындар өткізілді

Ұлттық спорт түрлерінен ойындар өткізілді

Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен "Ұлттық спорт және ат спорты түрлері спорт клубының" өкілдері № 11 мекемеде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер арасында Наурыз мейрамын мерекелеу мақсатында асық ату, гір көтеру, арқан тарту және тоғыз құмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар өткізілді. Аталған іс-шараға бапкерлер Р.Тоқтарбай, А. Сейтқожанов, Е. Абигожа, Б. Сембаев және Е. Шарқабаев қатысып, жеңімпаздарды анықтап, грамоталармен марапаттады. Жарыс соңында мекеме бастығы әділет полковнигі А. Сүлейменов қонақтарға Алматы қаласы ҚАЖД бастығының атынан алғыс хат табыс етті, сондай-ақ жарысқа қатысушылардың патриоттық рухын көтерді және соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.