Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға қатысты

Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға қатысты

2030 жылға дейін «Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қабылдау, атап айтқанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру бойынша жүйелі және өзара байланысты жұмыс жүргізу туралы» бірлескен бұйрықтың қосымшасының 5-тармақтың үшін II блок Қоғамның құқықтық мәдениетін дамыту жөніндегі шаралар,  орындау мақсатында,  Алматы қаласы Әділет департаментімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері қорғаушыларды, жеке сот орындаушыларды және медиаторларды шақыртумен № 13 және №72 мекеме сотталғандарымен кездесу өткізіп, білікті заңгерлік көмек көрсетті.

Кездесу барысында сотталғандар азаматтық істер бойынша, залалды өндіріп алу мерзімдері туралы, зиян келтіру, мүлікті бөлу, алимент өндіріп алу салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сұрақтар қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды.