
Алматы қаласының Әкімдігі Алматы қаласы Полиция департаменті мен қалалық прокуратура басшылығының қолдауымен Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменінің Пробациялық қызметіне «Chevrolet» маркалы 6 қызметтік көлік табыстады.Республикадағы ең ірі мегополисте басқа қалалармен салыстырғанда пробациялық қызметтің есебіне алынған сотталғандар санының үлес салмағы басым. 2025 жылдың алғашқы үш айында Пробациялық қызметтің есебінен 3500-ден астам сотталған өтті. Олардың ішінде 503 әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған 15 жасөспірім бар.Алматы қаласы сияқты аумақты аймақта сотталғандарды бақылау үшін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етудің маңызы зор.