"Аутодеструктивті мінез-құлықтың қазіргі аспектілері: проблемалар, тәуекелдер және түзету"

"Аутодеструктивті мінез-құлықтың қазіргі аспектілері: проблемалар, тәуекелдер және түзету"

Алматы қаласында 2026 жылдың 3 сәуірінде Абай атындағы  Қазақ Ұлттық  педагогика университетінің Педагогика және психология факультетінің  ұйымдастыруымен "Аутодеструктивті мінез-құлықтың қазіргі аспектілері: проблемалар, тәуекелдер және түзету" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Ғылым апталығы аясында өткен басқосуға  Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің психолог мамандары да қатысып, психология ғылымдары саласының профессорлары, сот-медициналық сарапшыларының сот медицинасындағы патологиялық анатомия, жалпы және қолданбалы психология тақырыптарына  жасаған құнды баяндамаларын тыңдады.

Дөңгелек үстелге  сондай-ақ Беларусь Республикасының танымал психолог ғалымдары да қатысып, Беларусь Республикасындағы психологтардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.