«Қайрат» футбол клубының жасөспірімдер командасы кәмелетке толмаған сотталғандармен жолдастық футбол матчын өткізді

«Қайрат» футбол клубының жасөспірімдер командасы кәмелетке толмаған сотталғандармен жолдастық футбол матчын өткізді

«Қайрат» футбол клубының жасөспірімдер командасы кәмелетке толмаған сотталғандармен жолдастық футбол матчын өткізді.

Ойын кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған №11 орташа қауіпсіздік мекемесінің базасында өтті.

Матч Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Алматы қаласының прокуратурасы, Түрксіб ауданының прокуратурасы және «Қайрат» футбол клубының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты да қызықты өтті.

Ойын қорытындысы бойынша «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Спортпен айналысу – денсаулық кепілі әрі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызды бөлігі. Осындай іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етіп, жастардың белсенділігін арттырады және олардың болашағына оң әсерін тигізеді.