
Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан да жас қызметкерлерге үнемі адам құқықығын қорғау тақырыбында дәрістер өткізіледі.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Ардақ Жанәбілованың №72 мекеменің жеке құрамы арасында өткізген «Бас бостандығынан айыру орындарында адам құқықтарын сақтау» тақырыбындағы оқыту семинары аясында сотталғандардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде халықаралық стандарттарды сақтау, қызметтік міндеттерді атқару кезінде адам құқықтарының бұзылуының алдын алу, өтініштер мен шағымдарға уақтылы әрі заң талаптарына сай жауап беру тетіктері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ ол жас қызметкерлерді адам құқықтарын сақтау жөніндегі халықаралық құжаттармен таныстырды.
№13 мекемесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Алматы қаласындағы уәкілі Қазбек Малдыбаевтың қатысуымен осы таұырыпта жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жеке құрам өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік тұрғыда нақты түсіндірмелер алды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және ҚАЖ мекемелерінде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.