
Сотталғандар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында «Adal Rehab» оңалту орталығымен бірлескен іс-шара өткізілді.
Кездесу кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа №11 мекемеде ұйымдастырылды.
Оңалту орталығының өкілдері химиялық тәуелділік, оған әкелетін үйрену кезеңдері, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарға психологиялық және физикалық тәуелділік туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында есірткі заттарын қолданған адамдардың өмір жолдарынан нақты мысалдар келтіріліп, тәуелділіктің денсаулыққа, тұлғаға және әлеуметтік өмірге тигізетін ауыр салдары түсіндірілді.