
ҚАЖ қызметкерлері тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, кез келген жағдайда адамдарға нақты көмек көрсете білу үшін өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Сол маңызды дағдылардың бірі – алғашқы медициналық жәрдем көрсету.
Осы мақсатта ҚАЖД мекемелерінің жеке құрамы арасында білікті медицина мамандарының қатысуымен тұрақты түрде тренингтік сабақтар ұйымдастырылады.
Жуырда ҚАЖД медициналық қызметкері Сейілхан Таласбаев пен Алматы қаласының жедел медициналық көмек қызметінің маманы Нұрәділ Тұрсынбек №11, №13, №72 мекеме жеке құрамына арналған практикалық тренинг өткізіп, алғашқы медициналық көмекті көрсетудің негізгі тәсілдерін таныстырды.