Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ұлттық  мереке – Республика күніне арналған  салтанатты жиын өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде ұлттық  мереке –Республика күніне арналған  салтанатты жиын өтті.

Жиналған жеке құрамды Департамент бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов құттықтап, еліміздегі маңызды мерекенің тарихына тоқталды.

Мерекелік іс-шарада  өз міндетін мінсіз атқарған қызметкерлер  Ішкі істер министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тарапынан «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, Грамоталармен және Департамент басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ он қызметкердің ата-анасына адал да еңбекқор бала тәрбиелегені үшін Алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.