ҚАЖ мекемелеріне музей өкілдері келді

ҚАЖ мекемелеріне музей өкілдері келді

Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі ҚАЖ мекемелерінде шаралар өткізді.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №13 мекеме қабырғасында қазақтың ұлы композиторы, белгілі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен мұрасына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған көрмеде сотталғандардың назарына Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты мұрағаттардан бірегей фотоматериалдар ұсынылды.

№72 мекемесіндегі сотталғандар арасында тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені мамандарымен бірлесе шара өткізді. 

Экскурсовод Еламан Абдулла Ғабит Мүсрепов және Сабит Муқанов қоғам қайраткерлері, қазақ жазушыларының өмірлері туралы лекция оқыды.