Алматыдағы тергеу изоляторындағы күдіктілерге әкелген сәлемдемелерді тексеретін бақылау-өткізу пунктінде тыйым салынған заттарды анықтау жиі кездеседі. Соның ішінде ұялы телефондарды жасырын өткізуге тырысу фактілері көп.
Ал бұл жолы электрлі шәйнектің ішінен көлемі үлкен 2 Xiomi маркалы және 1 Vivo маркалы телефондар шықты. Тыйым салынған заттарды тергеу тұтқынындағы бауырына өткізбекші болған 29 жасар Сержан электр шәйнектің корпусын ашып, телефондарды өте мұқият орналастырған.
Аталған факт ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберу үшін материал жиналды.
№72 мекемесінің Режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Нұрсұлтан Молдабеков шәйнек салмағының едеуір ауыр екенін байқап, астыңғы шруптарын арнайы ашып көрген кезде үш бірдей ұялы телефон мен құлаққаптар шықты.
Алматы қаласы ҚАЖД №72 мекемесінде жыл басынан бері 34 ұялы телефон мекемеге өткізу барысында анықталды.