Алматы қаласындағы №11 мекемеде Елорда күні салтанатты түрде аталып өтті

Алматы қаласындағы №11 мекемеде Елорда күні салтанатты түрде аталып өтті

Іс-шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері арнайы келіп, тәрбиелік мәні жоғары мазмұнды бағдарлама ұсынды. Олар сотталған жасөспірімдерге Астананың тарихы мен мәдени жетістіктері жайында баяндамалар оқып, көрме ұйымдастырды. Көрмеде елорданың өткені мен бүгіні туралы кітаптар мен фотоальбомдар қойылды.

Сондай-ақ балалар үшін танымдық викторина өткізіліп, белсенді қатысушыларға кітаптар мен естелік сыйлықтар табысталды. Балалар қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін сынады. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, оларды еліміздің бас қаласы – Астананың тарихымен, қазіргі дамуымен және жеткен жетістіктерімен таныстыру. Осындай шаралар жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, оң көзқарас пен болашаққа деген сенімді нығайтады.