2025 жылдың жартыжылдығы жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті

2025 жылдың жартыжылдығы жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2025 жылдың жартыжылдығы жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті.

Жиында ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов сөз сөйлеп, жеке құрамды Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған мәселелермен таныстырды. Мемлекет басшысының пенитенциарлық жүйені жаңғырту және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жұмыстарын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындауды тапсырды. 

Жиын барысында Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама талаптарын қайта айтып, жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын бақылауды күшейту, кадр саясатын жетілдіру және жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты жандандыру туралы мәселелер талқыланды. 

Сондай-ақ Департамент бастығының орынбасарлары мен мекеме бастықтары аталған уақыт ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Жиынға департаменттің жеке құрамы, ведомствоға бағынысты мекемелердің және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.