Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық таза көлік үшін инфрақұрылымды белсенді дамыту жалғасуда. Биыл қалада электромобильдерді зарядтауға арналған 233 станция орнатылып, шамамен 20 шақырым веложол салу жоспарлануда.
Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылы Абай даңғылын қала шекарасына дейін және Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту аясында 7,2 км жайластыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Райымбек батыр даңғылы бойынша BRT желісін салу аясында шамамен 15 км-ді жабдықтау жоспарлануда.
Айта кету керек, веложол желісін дамыту тұрғындарға дәстүрлі көлік түрлеріне ыңғайлы және экологиялық таза балама ұсына отырып, қалалық инфрақұрылымды жақсартуда маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда қалада 89 км вело-инфрақұрылым (веложолақтар – 25,15 км, веложолдар – 63,8 км), вело-секциясы бар 73 бағдаршам объектісі, вело пайдаланушыларға қызмет көрсетуге бағдарланған 1025 жол белгісі жабдықталған.
Бұдан басқа, электр көлігінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында жеке инвесторларға электр зарядтау станцияларын орнатуға 233 техникалық шарт берілді, бұл зарядтау нүктелерінің санын едәуір ұлғайтуға және электр көлігін пайдалану үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.