Алматы бүкіл әлем гурмандары үшінтартымды мекенге айналып келеді. Қаласаяхатшыларды кулинарлық дәстүрлердің бірегейүйлесімімен, ерекше дастарханымен жәнеқарқынды дамып жатқан мейрамхана кәсібіменқызықтырады. Мұнда қазақтың дәстүрлі ұлттықтағамдарын да, түрлі ұлыстардың асын да, сондай-ақ, халықаралық тағамдардың авторлықжұмысын да татып көресіз.
Алайда бұл саланың танымалдығы артыпкеле жатқанына қарамастан, Алматыдагастрономиялық бағытта қызмет көрсететінгидтер жоқтың қасы. Бұл жағдай бағыттыдамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұғанбайланысты Almaty Tourism Bureau Алматыныөңірдің гастрономиялық астанасы ретінде дамытуүшін арнайы гастрономиялық гид әзірледі.
Гидке 140-тан астам ерекше тағамдар мен дастархан ұсынатын мекемелер енген. Мұндақалада гастрономиялық тәжірибе алуға арналғанбағыттар, идеялар мен сценарийлер қамтылған. Бұл сценарийлер кәсіби гидтер мен тағамсаласындағы сарапшылардың қолдауыменжасалған, сондықтан туристер үшін ұмытылмасәсер қалдыруы сөзсіз.
Гид бірнеше тақырыптық бағытты қамтиды. «Классикалық тур» Алматының тарихынтағамдар арқылы таныстырады. «Дәстүрлі гид» қазақ ұлттық тағамдарына терең үңілугемүмкіндік береді. «Мультимәдени гид» еліміздіңмәдени алуан түрлі екенін ас мәзірі арқылыкөрсетеді. «Тау мен гастрономия» бағытыбелсенді демалыста татып көруге тұрарлық дәмтоптасын ұсынады. Сонымен қатар, «Инстаграмбл-маршрут» көркем локацияларды, ал Art&Eat концептуал әрі өнерге бағытталғанорындарды таныстырады.
Гид, сондай-ақ, көше тағамдары мен барларғаарналған бағыттарды қамтиды. Бұдан бөлек, Алматыға ғана тән ерекше тағамдар мен сапарданестелік ретінде алып кетуге болатын азық-түліккәдесый тізімі де енгізілген.
Жоба үш тілде — қазақ, орыс және ағылшынтілдерінде дайындалған, бұл оны кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Гидтің баспа нұсқасытуристерге таратылмақ, ал ағылшын тіліндегінұсқасы шекаралық бақылау пункттерінде жәнетуристік ақпараттық орталықтарда қолжетімдіболады.
Гидті жасау – гастрономиялық туризмдідамытудың жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар, Алматыны заманауи әрі қонақжай қала ретіндетанытудың бір мүмкіндігі. Жобаныәзірлеушілердің айтуынша, басты назар түсініктіқұрылым мен ыңғайлы бағыт-бағдарға берілген: жеңіл оқылады, бағыттар мен мекемелер логикағасай топтастырылған.
Мекемелерді таңдау кезінде танымалдықдеңгейі мен рейтингтер ғана емес, сондай-ақ, олардың атмосферасы, тағам сапасы және бірегейконцепциясы ескерілген. Гидте мекемелерсанаттар мен қаланың әртүрлі аудандарына қарайжіктеліп, мекенжайлары, жұмыс уақыты мен байланыс деректері көрсетілген.
Бірқатар мекеме 50 Best Discovery, The World's 50 Best Bars, Top-1000 Restaurants 2025сияқты халықаралық рейтингтерге енген. Алматының мейрамханаларының мұндайтізімдерге енуі оның гастрономиялық бағытретіндегі мәртебесін бекітіп, жергіліктіасхананың халықаралық аудиторияға танылуынажол ашады.
Гастрономиялық гидтің электрон нұсқасынмына жерден жүктеуге болады.
https://online.fliphtml5.com/cailg/bael/#p=1