«Қазақстанның ең ұзын лағманы»: Алматы қаласының Жетісу ауданында жаңа рекорд орнатылады

«Қазақстанның ең ұзын лағманы»: Алматы қаласының Жетісу ауданында жаңа рекорд орнатылады

1 мамыр — Халықтар достығы күніне орай Алматының көп ұлтты аудандарының бірі – Жетісу ауданында ерекше шара өтеді. Ұлттық тағамдарды насихаттап, ұлттар арасындағы бірлікті нығайту мақсатында «Қазақстанның ең ұзын лағманы» әзірленіп, жаңа Қазақстан рекорды тіркелмек.

Шараға Жетісу ауданының тұрғындары, түрлі этнос өкілдері белсене қатысады. Бұл бастама халқымыздың ұлттық құндылықтары мен көпэтносты қоғамның татулығын дәріптеуді көздейді. Лағман – әртүрлі ұлт өкілдері сүйіп жейтін тағам, сондықтан бұл рекорд ортақ мәдени мұраның белгісі болмақ.

Іс-шараны Жетісу ауданы этно-мәдени орталықтары ұйымдастырып отыр. Рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері қатысуымен ресми түрде тіркеледі.

Өту орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағынауданы, №179 спорттық-сауықтыру кешені (ФОК «Айнабұлақ»).
Басталуы: 2025 жылғы 1 мамыр, сағат 12:00.

БАҚ өкілдерін, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше шараға қатысып, жаңа рекордтың куәсі болуға шақырамыз!

Байланыс үшін: +77019962022 Сенкебаев Руслан Исабекович.