Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) жинау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару – жайлы қалалық орта құрудың маңызды міндеті. 2012 жылы салынған инфрақұрылым физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген», – деді әкім.
Мегаполис басшысы 2,8 мың евроконтейнер мен жерасты контейнері 400 алаңда жаңартылғанын атап өтті.
2025 жылы 723 алаңда тағы 2,7 мың жаңа контейнер, оның ішінде 1 683 жерасты және 1 000 еуроконтейнер орнату арқылы қаладағы барлық контейнерлік алаңды толық жаңғырту аяқталады.