Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.
Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі.
«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді.
Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды матчтарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз.
Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы