Алматыда «Жасыл аула» акциясы қорытындыланды

Алматыда «Жасыл аула» акциясы қорытындыланды

Алматыда тұрғындарға көшеттерді тегін тарату бойынша «Жасыл аула» акциясының алғашқы кезеңі аяқталды. Күзгі маусымда қала тұрғындарынан 305 өтінім түсіп, оның ішінде 1156 көшет отырғызуға 133 өтінім мақұлданды. Ең белсенді аудандар – Әуезов, Бостандық және Алатау болды.
Көшеттер 12 және 13 қазан күндері Алматы қаласы, Юрий Ким көшесі, 9 мекенжайы бойынша ( «Eco Almaty» ЖШС) және әр ауданның комьюнити-орталықтарында таратылды. Көшеттердің негізгі бөлігі «Eco Almaty» ЖШС базасында, ал комьюнити-орталықтарда 100 данаға дейін берілді.
Акция аясында қайың, шегіршін, алма, сәнағаш, қарағаш және бұталар көшеттері таратылды. Көшеттер «Жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау ережелерінің» барлық талабына сай: биіктігі кемінде 2,5 м, топырақпен қоса және діңінің жоғарғы тамыр жүйесінен бастап диаметрі кемінде 3 см.
Айта кетейік, жыл сайынғы «Жасыл аула» акциясы аясында соңғы жылдары Алматы қаласында 20 мыңнан астам көшет отырғызылды.