Ағымдағы жылдың 30 сәуірі «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық кампанияның аясында «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясы өтуде.
Акция басталғалы бері, 15 сәуірден 29 сәуірді қоса алғанда, алматылықтар екі тоннадан астам (2 148 кг) қайталама шикізат өткізіп, 1354 купон алды. Акция 2024 жылғы 8 мамырға дейін өтеді және қалдықтармен байланысты мәселелер мен оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.
Акцияға Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін өз бетінше белгілі бір мөлшерде қайталама шикізат жинау ұсынылады.
Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады.
Қабылдау пункттері
Әр материал үшін купонның бес түрі ұсынылады: пицца, бургер, кофе, донер және додстер купоны. Берілген әрбір купонның осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайлары бар өзінің бірегей промокоды болады.
Қатысушылар қайталама шикізатты келесі шарттармен купондарға айырбастай алады:
Купондардың жарамды мерзімі – 2024 жылдың 8 мамырына дейін. Акцияның серіктестері Salam Bro, Dodo pizza, Gippo, Degirmen, Zheka’s ice компаниялары болып табылады.