Алматыда мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар және оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады. Ол үшін @AlmatyJolybot чат-ботына ( https://t.me/AlmatyJolybot ) жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаға мыналарды жіберу қажет:
* өтініш мәтіні,
* фото/жол бейнесінің ақауы,
* мекенжайы және нақты координаттары,
* байланыс деректері.
Келіп түскен өтініштер өңделгеннен кейін әрбір жағдай бойынша жол төсеміндегі кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар, Almaty_Joly Telegram-арнасында ( https://t.me/AlmatyJoly ) жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз.