Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

Пункт Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылды. Гуманитарлық көмек мына тізім бойынша қабылданады:

- азық-түлік;
- ауыз су;
- медициналық препараттар және медициналық керек-жарақтар;
- киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.);
- заттар (көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер, жастықтар және басқалар);
- шаруашылық тауарлары (шатырлар, карематтар, термостар, шамдар, пауэрбанктер, шәйнектер, балалар ыдыстары, емізіктер, т. б.);
- Гигиена құралдары (жөргектер, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және басқалар).

Мекен-жайы:
Байтұрсынов көшесі, 22/1
Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Байланыс нөмірлері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40