Наурыз қарсаңында Алматының бірнеше ауданында ағаш отырғызылды

Наурыз қарсаңында Алматының бірнеше ауданында ағаш отырғызылды

Наурызнаманың онкүндігін тойлау кезінде 19 наурызда Қазақстанда Жаңару күні атап өтіледі. Бұл күні қаланың аудандарында көшет егілді. Шаһар бойынша барлығы 400-ден астам ағаш отырғызылды.

Алматының Наурызбай ауданында Шұғыла шағын ауданы, 345/3 мекенжайындағы №200 мектепте балалар мен ата-аналар 100 туя отырғызды. Акцияға қатысушылар үшін «Қара жорға» ұлттық биі бойынша флешмоб, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды, сонымен қатар, бауырсақ пен наурыз көже таратылды.

Әуезов ауданында №116 және №119 мектептердің футбол алаңдарына 125 туя ағашы отырғызылды. Көшет егуге аудан ардагерлері, комьюнити орталықтың жастары, оқушылар және т.б. еріктілер қатысты.

Алматының Бостандық ауданында 60 қайың отырғызылды. Оның 10-ы - Сәтбаев көшесі, 90/64 мекенжайындағы №189 бөбекжай-бақшасының аумағында және 60-ы – Тұңғыш Президент саябағында. Іс-шараға аудан жастары мен «Аманат» аудандық партиясының өкілдері қатысты.

Алматының Алатау ауданында Саялы шағын ауданының 204 мектебінде ағаш отырғызылды. Онда 100 көшет егілді, олар сәнағаш пен қарағаш. Науқанға аудан әкімі Азамат Қалдыбеков қатысты. Ағаш отырғызылған соң мектепте Наурызға арналған мерекелік концерт өтті.

Қаланың басқа аудандарында ағаш отырғызу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, биыл 320 мың ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған. Бұл ретте, Алматының көгалдандырылған ауданына ерекше назар аударылады. 2030 жылға қарай қалада 2,5 млн. астам жасыл желек отырғызылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Наурызнамның онкүндігі 14-23 наурыз аралығында тойланады. Соның аясында қалада көптеген іс-шара өтіп жатыр, олардың толық тізімін Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан көруге болады.