Алматылық оқушылар роботехникадан Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды

Алматылық оқушылар роботехникадан Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды

23-25 ақпан күндері Алматы қаласының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі «Central Asia FIRST Tech Championship» чемпионатына қатысты.

Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен додаға Қазақстанның әр өңірінен үш мыңнан астам оқушы, әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам команда қатысты. Алматы қаласының намысын қорғаған оқушылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша №124 мектептің «Team 124» командасы «Winning Alliance 2nd pick» және «THINK AWARD 2st place» номинациясын және Лондонда өтетін халықаралық «UK first championship 2024» жарысына қатысуға жолдама, ал №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Оңғарбек Томирис  АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін «2024 FIRST Championship, Houston» жарысына қатысуға сертификат жеңіп алды;

  • Сондай-ақ «Qazaq Style» командасы (№62, №119, №124, №200, №81, №202 мектеп оқушылары) «THINK AWARD 1st place» және «Best Pit Award» номинацияларының;
  • №81 мектеп-гимназиясының «Redstone» құрама командасы «CONNECT AWARD 3rd place» номинациясының;
  • Білім-инновация лицейі мен М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушыларыннан құралған «Sana team» командасы «MOTIVATE AWARD WINNER» және «Best Mascot finalist», «Best Uniform Award finalist» номинацияларының;
  • №178 лицейінің оқушыларыннан құралған «ZOK Junoirs» командасы «INNOVATE AWARD 3rd place» номинациясының;
  • First Lego League бағыты бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының «ULY DALA» құрама командасы беделді «BREAKTHROUGH AWARD» номинациясының жеңімпаздары атанды.

Тағы бір жағымды жаңалық. Алматы мектептерінің түлектері еліміздің беделді жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды:

- Сәтбаев университеті – БИЛ лицейінің оқушысы Спандияр Тұяқбай және №39 мамандандырылған лицейінің оқушысы Маликов Мейіржан,

- АУЭС – М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушысы Амангелді Шолпан, №81 мектеп-гимназия оқушысы Әлрахат Үмітхан, №140 М.Мақатаев атындағы гимназия оқушысы Нұрила Бердалы мен Мөлдір Бекенқызы, №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Олжас Санатұлы.

Сонымен қатар Еуропалық оқу орындарына түсуге 100% жеңілдікпен қолдау көрсету гранты №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Демеуғалиева мен №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Алуа Төлендіге берілді.

Жеңімпаздарымызды мараптарымен шын жүректен құттықтаймыз!