Алматының тау бөктерінде бір жылда 54 заңсыз құрылыс анықталды

Алматының тау бөктерінде бір жылда 54 заңсыз құрылыс анықталды

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы өткен жылы мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыстың 54 фактісін анықтады.

44 объект бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралуда.

Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енді, 6-дан апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізілуде.

Бұған дейін атап өтілгендей, 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 бұзушылық анықталды.

Басқарма объектілерді жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.

Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты.