Алматының жаңа аудандарында 2023 жылы 12 мыңнан астам үй орталықтан сумен жабдықтауға қосылды

Алматының жаңа аудандарында 2023 жылы 12 мыңнан астам үй орталықтан сумен жабдықтауға қосылды


Қарасу, Ақжар, Алғабас, Шұғыла, Жас Қанат, Шуақты шағын аудандары, Сейфуллин даңғылының аумағы,Солүстік айналым, Рысқұлов, Боралдай көшелеріндегі 12 мыңнан астам үй сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген және ағымдағы жылы кәріз желілеріне қосылған. Бұған дейін бұл аудандарда сумен жабдықтау, сондай-ақ су бұру желілері де болмаған. Бұған дейін Қарасу, Ақжар, Алғабас, Шұғыла шағын аудандарын жеке компаниялар сумен қамтамасыз еткен.

Алматыда 2022-2023 жылдар ішінде үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 143 км су құбыры және 139 км су бұру желілері салынды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы 55,8 %-ды, кәріз желілерінің тозуы 57.5%-ды құрайды. Жаңа желілерді тарту арқасында тозған желілер саны азаюда.