Алматыда "Көк базарды" модернизациялау келер жылдың соңына дейін аяқталады

Алматыда "Көк базарды" модернизациялау келер жылдың соңына дейін аяқталады

2023 жылы "Көк базарды" модернизациялау жұмыстары басталды, ол келер жылы аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

"Желілерді реконструкциялау жүргізілуде, орталық кіреберістің алдында бетон жабындысын жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту, аумақты абаттандыру жоспарлануда. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда", - деді қала басшысы.

"Көк базар" - қала тұрғындары мен туристердің жұмыс уақытында баратын танымал орындардың бірі. Жұмыс барысында жабылмайды. Базарды реконструкциялау базар иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.