Жетісу ауданы тұрғынының сұрағы: алдыңғы кездесуде сіз маусым айында емхана ашуға уәде берген едіңіз, енді оны қарашаға ауыстырдыңыз. Себебін айта аласыз ба?
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Иә, себебі мердігер ақаулы акт бойынша барлық ескертуді жойған жоқ. Біз салған емхананы қабылдауымыз керек, бірақ мердігер аяқтауға тиіс жұмыстар қалды. Бұл тапсырыс беруші ретінде біз қабылдауға қажетті монтаждау, жабдықты жеткізу. Емхананы құрал-жабдықсыз іске қосу мүмкін емес. Жалпы жұмыс 95%-ға аяқталды.
Мердігерге қатысты мәселеге қарамастан, біз құрылысты аяқтау үшін ресурс тауып, жұмылдыра алдық. Егер мен құрылысты тоқтатсам, онда мемлекеттік сатып алу ережесі бойынша жаңа конкурстық рәсімдер жарияланып, емхананың ашылуы 2024 жылға ауыстырылатын еді.
Шыдай тұруларыңызды сұраймын, біз қаладағы ең заманауи емхананы ашамыз. Осылайша, Камел шағын ауданында және жақын маңдағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты барлық мәселені шешеміз.