Алматының Жетісу ауданында 100 км жуық су құбыры мен кәріз құрылысы 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады

Алматының Жетісу ауданында 100 км жуық су құбыры мен кәріз құрылысы 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады

Жетісу ауданында 2019 жылы басталған сумен қамту және су бұру бойынша екі тарихи проблемалық жобаның құрылысы аяқталып келеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.

Саяхат, Мехкомбинат және 1-ЖЭО ауданында ұзындығы 57,5 км асфальт төсеу және желілер салу жұмыстары бітті. Желілерді пайдалануға беру қазан айына жоспарланған.

Сейфуллин - Солтүстік айналма – Рысқұлов – Боралдай көшелерінің квадратында ауданның орталық және батыс бөлігін қамтитын сумен қамту мен су бұру құрылысының сапасы тұрғындардың наразылығын тудырды. Мердігер «Электроремонт» ЖШС былтыр жауапсыз қызмет көрсетуші болып танылды.

«Әкімдік қабылдаған шаралардың арқасында жол төсемін қалпына келтіре отырып, 39 км желінің 31 км-де жұмыстар аяқталды. Қалған 8 шақырымдық жұмыс қазан айының соңына дейін бітеді», - деді қала басшысы.