Алматы қаласында жылу желілерін сынақтан өткізудің соңғы кезеңі өтеді

Алматы қаласында жылу желілерін сынақтан өткізудің соңғы кезеңі өтеді

Жаңа жылыту маусымы қарсаңында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізудің соңғы кезеңі Алматының барлық аудан аумақтарында өткізіледі.

Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық аумақтарын анықтау үшін жүргізіледі.

Магистральдық және тарату құбырларын сынақтан өткізу мына көшелерде жүргізіледі:

4 қыркүйек

Алатау ауданында:

Мөңке би-Момышұлы-Райымбек-Фариза Оңғарсынова;

Алмалы және Бостандық аудандарында:

Қарасай батыр-Қожамқұлов-Тимирязев-Розыбақиев;

Қарасай батыр-Байзақов-Өтепов-Розыбақиев.

4 және 5 қыркүйек

Алмалы және Жетісу аудандарында:

Абылай хан-Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин-Тобаяқов.

  4 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін

Бостандық ауданында:

Мирас шағын ауданы – Асқаров – Садықов – Орбита шағын ауданы - Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Ходжанов – Үлкен Алматы – Өтепов – Жароков – Басенов;

Қазақфильм шағын ауданы - Лисянский – Розыбақиев – Жароков - Эксперименттік база – Ходжанов-Әл-Фараби-Алмагүл шағын ауданы.

5 қыркүйек

Наурызбай ауданында:

Райымбек-Жүнісов-Абай-Алтын Орда.

5 және 6 қыркүйек

Әуезов ауданында:

Ұлықбек - Рысқұлбеков-Сайын-Үлкен Алматы өзені;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандарында:

Сейфуллин - Рысқұлов-Жангелдин-Райымбек-Куратов-Гоголь.

6 қыркүйек

Алатау ауданында:

Мөңке би - Момышұлы - Фариза Оңғарсынова-Зерделі ықшам ауданы;

Алмалы және Бостандық аудандарында:

Қабанбай батыр-Жандосов-Варламов-Айманов.

7 қыркүйек

Наурызбай ауданында:

Проектируемая - Айтбаев-Райымбек-Алтын Алаш.

7 және 8 қыркүйек

Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында:

Төле би-Сәтпаев - Әшімов-Ислам Кәрімов.

7 және 13 қыркүйек

Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында:

ГогольКурганская-Сәтбаев-Чайковский;

Әйтеке би-Панфилов - Шевченко-Желтоқсан-Тимирязев-Байтұрсынов;

Панфилов-Абай-Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь-Есентай өзені.

8 қыркүйек

Алмалы және Жетісу аудандарында:

Райымбек-Бродский-Рысқұлов-Сейфуллин;

Алатау ауданында:

Аққайнар кенті-Мәмбетов-ҮАК-ның оңтүстік жағы.

11 қыркүйек

Алмалы ауданында:

Шокина-Қарасай батыр-Емцов-Райымбек;

Алатау ауданында:

Райымбек-Отырар-Рысқұлов-Немирович-Данченко.

12 қыркүйек

Әуезов ауданында:

Төле би-Райымбек-Яссауи-Емцов.

12 және 13 қыркүйек

Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында:

Төле би-Рысқұлова-Яссауи-Ислам Каримов.

13 қыркүйек

Алмалы ауданында:

Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек-Масаншы;

Әуезов ауданында:

Ұлықбек – Жандосов-Сайын-Яссауи.

Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыны ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады.

Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде - күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақ болуды ұсынамыз. Оқыс жағдай туындаса, өз бетіңізше ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, дереу «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на Алматы қаласындағы мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call- орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сонымен қатар, 109.

 

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!

 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС