Алматыда жаңбыр суы басқан негізгі учаскелер жойылды

Алматыда жаңбыр суы басқан негізгі учаскелер жойылды

Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында 34 мм жауын-шашын түсті, ал тамызда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 34 мм болатын.

Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1008 жол жұмысшысы мен 640 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 52 мобильді бригадасы жаңбыр суын қабылдайтын жерлерін қоқыстан тазартып, және де нөсерлі кәріз және дренаждық суларды қабылдайтын сорғы станцияларының жұмысын қамтамасыз етуде. Жаңбыр кезінде 8 ағаш құлап, құлаған жерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта негізгі су басу учаскелері жойылып, арық жүйелерінен қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Онда түнгі кезекшілік қойылды. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, алдағы үш күнде арасында үзілісі бар жауын-шашын мол болады.

2023-2024 жылдары 276 шақырым арық желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100 шақырым жаңа арық желісі салынатынын еске салайық.