Алматыда қараусыз қалған мысықтарға арналған үйшіктер орнатылуда. Қаланың Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған.
Жоба «Animal Security» қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп «Жануарлармен жауапты қарым-қатынас туралы» Заңды іске асыру аясында демеушілік қаржы есебінен іске асырылуда.
Қараусыз қалған мысықтарға арналған баспана мысықтарды күтетін, тазалықты қамтамасыз ететін және дезинфекциялайтын тұрғындар арасында жауапты кураторлар болған кезде беріледі. Бүгінде Алматыда қоректендіргіштері бар 20 үйшік орнатылды, өндірісте тағы 50-ге жуығы бар. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден тазартылған, сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Орнатылған үйшіктердің одан әрі тазалығы мен сақталуын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қадағалауға міндеттенеді.
Қаланың әр ауданында жануарларға мониторингті ерікті негізде зообақылау ұйымдарының ішінен кураторлар жүзеге асыратын болады. Жануарлар кураторларының үйлестірушісі «Animal Security» ҚҚ, оның басшысы – Наталья Сульжик. Үйшіктерді орнатуға келесі байланыстар арқылы қоғамдық ұйымдарға өтініш беруге болады:
Еске салсақ, Алматыда қараусыз қалған жануарларға арналған үйшіктер орнату бойынша пилоттық жоба алғаш рет ағымдағы жылдың наурыз айында басталған болатын. Жоба қала тұрғындары арасында көптеген оң пікірлер тудырды. Бүгінде жануарларды қорғау қорларына 500-ден астам өтінім келіп түсті. Қоғамдық зообақылау ұйымдарының жоспарларындағы келесі кезең қараусыз қалған иттерге арналған питомниктерді орнату жобасы болады.