Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында 2 мемлекеттік колледж салу жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

«Зерделі» шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж салынады. Сондай-ақ индустриялық аймақ аумағында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжінің құрылысы бойынша мердігер анықталды. Колледждердің құрылысы осы жылдың тамыз айында басталады.