Алматыдағы Туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды

Алматыдағы Туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды

2022 жылы мегаполиске 1,8 млн турист келді: 2021 жылмен салыстырғанда өсім 48%-ды құрады. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді.

Туристік лектің ұлғаюы тиісті инфрақұрылымның дамуына әклуде. Өткен жылы мегаполисте 2,2 мың төсек-орынға 34 жаңа орналастыру орны құрылды. Қала тау туризмі арқылы шетелдіктер үшін тартымды: өткен жылы ұзындығы 150 км 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағын абаттандыру аяқталды.