Құрылысы ұзаққа созылған спорт нысаны: Алматы әкімдігі теннис орталығын салу жөнінде сотта мердігерді жеңді

Құрылысы ұзаққа созылған спорт нысаны: Алматы әкімдігі теннис орталығын салу жөнінде сотта мердігерді жеңді

Құрылысы ұзаққа созылған спорт нысанына қатысты іс қаралған кезде сот әкімдіктің жағына шықты. Бұл туралы қалалық нысандарды аралау кезінде Алматы әкіміне бейінді басқарманың өкілдері баяндады. Алатау ауданындағы теннис орталығы келушілер үшін осыдан екі жыл бұрын есігін ашуы тиіс еді. Күні бүгінге дейін ғимарат пайдалануға дайын емес. Спорт орталығын салуға бюджеттен қаражат алған «ПМК-7К» ЖШС мердігер ұйымы міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Сот компанияға айыппұл төлеуге, сондай-ақ жұмыс істемеген авансты қайтаруға міндеттеді. Мердігер шешімге қарсы шығуға тырысты, бірақ азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды өзгеріссіз қалдырды. Ерболат Досаев бейінді басқармаларға атқарылған жұмыстарға техникалық аудит жүргізуді және объектінің құрылысын аяқтау жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.