Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қандай іс-шаралар өтеді

31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сағат 9-да Алмалы ауданында Қарағайлы алаңында қала басшылығының, қоғам қайраткерлерінің, саяси қуғын-сүргін құрбандарының және жастардың қатысуымен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Гүл қою рәсімі қаланың басқа да аудандарында жоспарланған:

- Әуезов ауданында Т. Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі, 55 мекенжайындағы Нархоз университетінің алдындағы гүлзарда өтеді;

- Алмалы ауданында М. Тынышпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 30 мамырда сағат 09:30-да Шевченко көшесі, 97 мекенжайында, Т. Жүргенов ескерткішіне – 31 мамырда сағат 09:00-де Панфилов көшесі, 127 мекенжайында және А. Байтұрсынов ескерткішіне – 31 мамырда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесі, 60 мекенжайында өтеді.

- Алатау ауданында «Қандысай жазығы» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Қарасу шағынауданы, Центральная көшесі, 37 мекенжайы бойынша өтеді;

- Бостандық ауданында О. Жандосов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 31 мамыр күні сағат 10:00-де Жандосов көшесі-Гагарин даңғылының қиылысында өтеді.

- Медеу ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихқа тағзым» концерті 31 мамыр күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтеді.