Алматыда алғаш рет жасы 61 және одан да үлкен, немерелері бар әйелдер арасында «Асыл Әже Almaty» шығармашылық байқау өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – жастарды тәрбиелеу, қарт адамдардың қоғамдық іс-шараларға көңіл аударуы, жастардың қарттарға деген қамқорлығын көрсету, отбасылық дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Байқаудың қорытындысы бойынша - 62 жастағы әжей Гульнара Құнанбаева гран-при иегері болды. Ол бас жүлдеге - плазмалық smart-теледидар алды және «Асыл Әже Almaty 2023» атанды.
Барлығы іс-шараға аудан орталықтарындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан 12 финалис таңдап іріктеп алынған. Ең үлкен қатысып, бағын сынаушы әженің жасы 81-де. Жарысқа сондай-ақ, олардың балалары мен немерелері де қатысып, жанкүйер болды.
Байқауға қатысушылар үшін іс-шара төрт кезеңнен тұрды. Әділ қазылар алқасы мәдениет және өнер саласындағы тәуелсіз сарапшылардан құрылды.
Әділ қазылар алқасы бейнероликтің ерекшелігі мен туыстарының қолдауын бағалады.
Әділ қазылар алқасы астың дәмін, сыртқы түрін және түп нұсқада берілуін, тартылу әсемділігін бағалады.
Әділ қазылар алқасы сөз сөйлеу шеберлігін, орындаушылығын бағалады.
Сондай-ақ, әрбір қатысушылар арнайы номинациялар бойынша жеңімпаз атанып, демеушілердің есебінен оларға сертификаттар табыс етілді, баяу пештер, блендерлер және басқа да бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей номинациялар бөлінді:
Байқаудың миссиясы – жеңімпазды анықтау емес, аға-буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау, олардың белсенділік танытып, өмірдің барлық саласына араласуын қамтамасыз ету.
Іс-шара әйгілі қазақстандық әртістер мен «Айналайын» зейнеткерлер ансамблініі билерімен аяқталды. Сондай-ақ, байқау барысында Алматы қаласының белсенді өмір орталығының көрсетілетін қызметті алушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі де болып өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының белсенді өмір орталығы, Қазақстан композиторлар одағы.